• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Василий Иванович Евман

1919 жылы Қырғыз ССР-і, Кишельский ауданы, Бурылдай селосында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Колос» колхозында есепші болып еңбек еткен.

1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған.1944 жылы Польша жерін азат ету кезінде қарсыластардың атыс нүктелерін анықтап, бірінен соң бірін атқылап қиратқан. Берлинді алуда асқан ерлікпен шайқасқа түсіп, 1945 жылы 5 сәуірде Рейхстагқа баратын жолдағы жаудың атыс нүктелерін дәл тауып тас-талқан еткен. Осы ерліктері үшін Е.Ивановичке  1944 жылы 3-ші дәрежелі,1945 жылы сәуір айында 2-ші дәрежелі, 1945 жылдың мамыр айында  1-ші дәрежелі Даңқ ордені берілген.

1945 жылы қазан айында майдан даласында қаза тапқан.