• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Иргаш Досмухамедов

1922 жылы Әулие Ата қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ұлты- өзбек, білімі-орта.

1942 жылдың наурызында соғысқа шақырылған. 1942 жылы Батыс, Калининск, 1-ші Прибалтика майдандарына, 1944 жылы Латвияны азат ету майдандарына қатынасқан.

1944 жылы 22 маусым және 10 шілде аралығында Беларуссияда ерекше көзге түсті. Витебск облысында Баланович селосына жақын жерде әріптестерінен бұрын жау орналасқан биіктікке жетіп, оларды өз окоптарында жойып жіберді.

18.05.1944 жылы  кіші сержент И.Досмухамедовке «Даңқ» орденінің 3-ші дәрежелі, 03.09.1944 жылы 2-ші дәрежелі, 24.03.1945 жылы 1-ші дәрежелі атақтары берілді.