• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Михаил Иванович Перепелов

1924 жылы Ресей Федерациясы, Орынбор облысы, Пономаренск ауданы, Софиевка селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

Жамбыл қаласында ФЗО-да оқыған. Вагон депосында еңбек жолын бастаған. 1942 жылы тамыз айында Кеңес  армиясы қатарына шақырылған.

1944 жылы наурызда Николаевск облысы Новобутск ауданы Владимировка селосы, 1945 жылы 14 қаңтарда Гловагув елді (Польша) мекені үшін, 1945 жылы 14 сәуірде Альт- Тухабанд (Германия) елді мекені үшін болған шайқасқа қатысқан.

Гвардия сержанты Перепелов Михаил Иванович 1944 жылғы 11 наурызда Николаевск облысы Новобутск ауданы  Владимировка селосы үшін болған сұрапыл шайқаста взвод командирімен бірге жау жендеттерін ашық нысанаға алып қырады. Осындай өшпес ерлігі үшін 1944 жылы 29 сәуірде 3- дәрежелі Даңқ орденімен награтталды. Асқар ерлігі үшін 1945 жылғы 17 наурызда 2- дәрежелі Даңқ орденімен награтталды.1945 жылғы 14 сәуірде Альт- Тухабанд елді мекені үшін болған шайқаста, бұдан кейін Берлин қаласының көшелеріндегі ұрыстарда жаудың 4 дзотын, 6 пулемет ошағын, қару – жарақ тиеген 3 автокөлікті тас талқан етіп жау солдаттарын қатардан шығарды.Сондықтан 1945 жылғы 4 шілдеде тағы да 2- дәрежелі Даңқ орденімен награтталды. Ал 1981 жылғы 24 желтоқсанда 1 – дәрежелі Даңқ  орденімен марапатталды.