• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Сергей Яковлевич Сердюков

1901 жылы Украинада шахтерлар отбасында дүниеге келген, кейін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Чернореченск ауылында тұрған.

Қордай ауданы, Қарасу елдімекенінде «Искра Ленина» колхозында еңбек еткен. 1920 жылы Қызыл Армия қатарында азаматтық борышын өтеген. Үлкен Шу каналының және Жамбыл-Шолақтау темір жолының салынуына қатысқан. 1941 жылдың  маусым айында Қордай әскери комиссариатынан майданға шақырылған.

1943 жылғы 20 қараша күнгі Белоруссияның Мозырь қаласынан 20 км орналасқан Ястребка ауылын азат ету кезінде қарсыластардың танкілерін жарып, сонымен қатар жақын орналасқан Хатки ауылының маңындағы мина алаңын алған.1944 жылы тамыз айының 3-ші күні  өзінің полкімен бірге Седльце-Варшава жолында құрған тұзағына қарсыластардың колоннасы түсіп 2 арба қару жарақтары, машиналары 10 неміс солдаты және пулеметтері жойылған.

1943 жылдың 5 желтоқсанында күні 3-ші дәрежелі,

1944 жылдың 2 қыркүйегінде 2-ші дәрежелі 1945 жылдың 6 сәуірінде 1-ші дәрежелі Даңқ ордені берілген.