• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Федор Васильевич Иванов

27.11.1910 жылы Ресей Федерациясы, Ульянов облысы, Теренгуль ауданы, Горюшино селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

І-дүниежілік соғысына қатысушы. 1918 жылдан бастап Қызыл Армия қатарына енген.  1923 жылы бейбіт өмірге оралып, Жамбыл қаласына қоныстанған. 1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына қайта шақыртылып, сол жылдың желтоқсан айында соғысқа аттанды. Сталинград майданы, Украинаны, Чехославакия, Польша жерлерін азат етуге қатысқан.

25.12.1943 жылы 3-ші дәрежелі «Даңқ» ордені,   бұйрықты бұлжытпай орындағаны және жауды тұтқындағаны үшін 1944 жылы 2-ші дәрежелі «Даңқ» орденін, 10.02.1945 жылы Польша аумағында майдан шебінің артында батальонның құрамында болып бастамашыл іс-әрекеттері үшін 1-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.