• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Абдулла Матигулович Митигулин

1923 жылы 11 қыркүйекте Татарстанның Сабинск ауданы, Төменгі Савруши елді мекенінде шаруа жанұясында дүниеге келген.   7 сыныптық білім алған соң, колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған.   Белоруссияның Мозырь қаласынан 20 км жерде орналасқан Ястребка ауылын азат ету шайқасына,1943 жылы Польшаның Седльце-Варшава жолын ашу шайқасына, 1944 жылдың тамызында  Польшаның Линдебуден елдімекенін азат ету шайқастарына қатысқан.

1944 жылдың 2-5 мамыр аралығында 164,4 м биіктіктегі  Аснашень селосының аумағында жаудың 10 солдатының көзін жояды. Молдавиядағы ұрыстардан соң бөлім командирі болып бекітіледі. 1944 жылы Сандомир плацдармында сержант Митигулиннің гвардиясына жау әскері қатты шабуылдайды. Автоматпен және жалаң қолмен шайқаста бөлім 20-дан аса жау солдатының көзін жойып, мақсаттарына  жетеді.

05.05.1944 жылы 3-ші дәрежелі, 1944 жылы 2-ші дәрежелі, 1946 жылы 1-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.