• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Тайыр Бүркітбайұлы Тастандиев

1924 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған.

1-ші және 2-ші Прибалтика, 4-ші Украина майданының құрамында көптеген ел мен жерді неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан.

Тайыр Тастандиев Симферополь, Кривой Рог,  Воронеж, Донбасс сынды қалаларды азат етуге қатысады. Ал 1944 жылдың қарашасында  Латвияда оның взводына Вейусполюсте қыратын алу бұйырылады. Мықтап бекінген жау дзоттары шабуылдаушы әскерге бас көтертпейді. Бұйрық бойынша қалайда қыратты алуы керек. Дзот үнін өшіруге Тайырдың өзі аттанады. Жер бауырлап, дзотқа жақындай түседі. Таяқ тастам тұсқа келген ол үш бірдей гранатаны бірінен соң бірін лақтырады. Дзот үні өшіп, әскер шабуылға шығады. Бұл ерлігі үшін оған ІІ-дәрежелі «Даңқ» ордені берілді. Ал соңғы батырға тең келерлік І-дәрежелі «Даңқ» орденін Тайыр аға Шығыс Пруссиядағы Гельмеди поселкесін алу кезіндегі төте шабуылда көрсеткен ерлігі үшін алған.

1945 жылдың 12 наурызында жуалылық сарбаз ІІІ-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.