• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Александр Иванович Романютин

1924 жылдың 8 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Георгиевка селосында шаруа жанұясында дүниеге келген. 1942 жылдың қыркүйек айында Қызыл Әскер қатарына шақырылған.1943 жылы Харьков артиллериялық училищесін тәмамдаған.

1-2 Беларусь, 1-ші Украина, Воронеж майдандары мен Днепр шайқасына қатысқан. 1943 жылдың қазан айында Днепрдің оң жағалауындағы плацдармды кеңейту үшін болған соғыста ерекше табандылық пен ерлік көрсетіп, танкілердің қолдауымен жасалған жаудың жаяу әскерлерінің ондаған шабуылына тойтарыс берді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 9 ақпанда Романютин Александр Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.