• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Александр Павлович Мин

1915 жылы Приморье өлкесінде туған. Тағдырдың айдауымен 1941 жылы Саратов қалалық әскери комиссариатынан майданға шақырылған. 1944 жылы хабар-ошарсыз кеткен.

1941 жылы әскерге шақырылған ол Рязань әскери училищесін бітіріп, Москваны қорғауға қатысады. Курск доғасында лейтенант А.П.Мин неміс әскерлерінің төрт рет қарсы шабуылына тойтарыс беріп, өзінің батыр да, батыл жауынгер екенін танытады. Осы шайқастан кейін оның ерлігі жоғары бағаланып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. 1944 жылы батальон командирі капитан Александр Мин бірінші Беларусь майданының 65-армиясының 132-атқыштар дивизиясының құрамында Украинаны азат етуге қатысады. Осы шайқастарда ерлік көрсетіп, жауынгерлерді жеңіске бастай білгені үшін 1945 жылдың 24-наурызында СССР Жоғарғы Советі Призидиумының Жарлығымен өлгеннен кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Кәріс халқының батыр ұланының рухы Украинадағы Волынь облысының Луков кентінде мәңгі сая тапқан. Оның бауырлары Жамбыл облысының Бурыл ауылында тұрған. Сондықтан да мұрағат құжаттарында оның отбасының тұрмысы жайлы құжаттар жинақталған. Алайда кәріс халқының батыры Александр Мин Жамбыл жерінде болмаған.