• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Александр Федорович Петров

1920 жылдың 14 тамызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін 6 сыныптық мектепті бітіріп, электромонтер болып жұмыс жасаған. 1940 жылдан бастап Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Украина, Орталық майдан, Днепр өзені бекінісінің ұрысына қатысқан.

Днепр бекінісін алу кезінде командирінің қайтыс болуына байланысты рота басшылығы жауапкершілігін өз мойнына алып, ол басқарған әскери рота жаудың 5 соққысын қайтарып, 200-ден астам қарсыластың көзін жойған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 17 қазанында гвардия ефрейторы Петров Александр Федоровичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.