• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Амантай Дәулетбеков

1917 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Түгіскен ауылында (Қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылы) дүниеге келген. 1943 жылы соғыста ерлікпен қаза тапқан.

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Соғысқа кеткенге дейін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында жұмысшы, бригадир болып жұмыс істеген. Сталинград, Дон шайқастарына қатысқан. Орталық майдан, 1180-танкілерді жойғыш артиллериялық полкының командирі болған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 24 желтоқсанында Дәулетбеков Амантайға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1942 жылдың 30 ақпанында Амантай “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Ал 1943 жылдың 25 қаңтарында «Қызыл Жұлдыз» орденін тақты.