• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Андрей Алексеевич Сорокин

1905 жылы 25 наурызында Ресей Федерациясы, Иркутск облысы, Тулундский ауданы, Гадали селосында шаруа жанұясында  дүниеге келген.

Бастауыш сыныпты бітірген соң, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасаған. Бурят Республикасы Баргузин селосында тұрып, кейін Жамбыл қаласында қант зауытында металл кесуші болып жұмыс істеген. 1942 жылдан бастап Қызыл Армия қатарына шақырылған. Сталинград, Херсон қалаларын, Румыния, Югославия, Венгрия елдерін азат етуге, Одесса операциясына қатысқан. 1944 жылы 27 қазанда Венгрияны азат етуде ерлікпен қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында Сорокин Андрей Алексеевичке  Совет Одағының Батыры атағы қайтыс болған соң берілді.