• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Ардальон Вениаминович Баранов

1922 жылы 28 наурызда Ресей Федерациясы, Горький облысы, Выксунский ауданы, Барковка селосында жұмысшы жанұясында дүниеге келген. Соғысқа кеткенше зауытта токарь болып жұмыс істеген. 15.08.1942 жылы соғысқа шақырылған. 1-ші Беларусь, Польшаны, Германияны азат ету майдандарына, Сталинград, Брест қаласындағы шайқастарға  қатысқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 31 мамырында лейтенант Баранов Ардальон Вениаминовичке  Кеңес Одағының Батыры атағы,«Ленин» ордені, «Алтын жұлдыз» медалі, «Қызыл жұлдыз» ордені, Ұлы Отан соғысындағы әскери ерекшелігі үшін 2-ші дәрежелі медалі берілді.