• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Бауыржан Момышұлы

Совет одағының батыры

Бауыржан Момышұлы- 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі- жоғары. Шымкенттегі 7 жылдық интернатты бітірген соң, бастауыш мектепте мұғалім, Жуалы аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, аудандық милиция бастығы болып істеген. 1932 жылы әскер қатарына алынды. Әскери борышын өтеп қайтқан соң Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеген. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіріп, Қызыл Армия қатарына қайта шақырылып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі қызметін атқарған.

Бауыржан Момышұлы өзі басқарған әскери бөлімдермен 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет қоршауда қалып, бұзып шықты. Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.

КСРО Президентінің 1990 жылғы 11 желтоқсандағы жарлығымен Б.Момышұлына 1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Совет Одағының Батыры» атағы берілді. (медаль №11637)