• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Василий Семенович Грушко

1923 жылы Қостанай облысы, Урицк ауданы, Веселоподольск ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген. Соғысқа кеткенше колхозда жұмысшы болған.

1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Георгиевский аудандық әскери бөлімшесімен соғысқа шақырылып, 1943 жылы Украинаның Киев облысындағы майданда барлау жұмыстарымен айналысып, құнды мәліметтерді жеткізіп отырған. 1944 жылы елге қайтарылған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 17 қазанда Грушко Василий Семенович   Кеңес Одағының Батыры атағы мен «Алтын жұлдыз» медалі, «Ленин» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Ерең еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.