1900 жылдың 15 шілдесінде Украин ССР-і, Харьков облысы, Купянск ауданы, Ново-Никольский селосында шаруа отбасында дүниеге келген.
1941 жылдың 17 қыркүйегінде соғысқа шақырылып, Орталық майдан, 61-армия, 7-ші гвардиялық кавалериялық корпуста, 112-ші Башқұрт кавалериялық дивизиясының орудия командирі, гвардия аға сержанты болған.
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 9 ақпанында гвардия аға сержанты Вишневецкий Владимир Михайловичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз (№3264) медалі берілді.