• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Григорий Архипович Криволапов

1898 жылы 13 қаңтарда Ресей Федерациясы, Курган облысы, Глядняцкий ауданы, Давыдовка селосында шаруа жанұясында дүниеге келген. Соғысқа дейін Курган қаласындағы Труба зауытында слесарь болып жұмыс жасаған.

1939-40 жылдары Кеңес және фин соғысына қатысқан. 1941 жылы Ресей Федерациясы Краснояр аумағы, Богаталский аудандық әскери бөлімшесімен ҰОС –на шақырылған. 3-Карель, 1-3-ші Украина, Оңтүстік-Батыс, Забайкале майдандарына қатысушы.

Генерал-майор Г.А.Криволаповтың басқаруымен Днепрдің батыс жағалауында қарсыластың бекінісін бұзып, плацдармды бекітіп тұрғаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 19 наурызында Криволапов Григорий Архиповичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин және Қызыл Жұлдыз ордені берілді.

1945 жылы қыркүйекте кеңес-жапон соғысына қатысып, Кутузов орденімен марапатталған.