• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Димитрий Александрович Стариков

1921 жылдың 1 мамырында Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі, Гулькевич қаласында жұмысшы жанұясында дүниеге келген.

Черкеск қаласындағы аэроклубтың курсын бітірген. 1941 жылы Ейское әскери-теңіз авияциялық училищесін бітірді.1941 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданаралық әскери бөлімшесімен соғысқа шақырылған. Крым, Севастополь, Днепр ұрыстарына қатысқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 21 қаңтарда Стариков Александр Димитрий Александровичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин және Қызыл жұлдыз  ордені, Отан соғысының І-дәрежелі медалі берілген.