• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Дмитрий Степанович Кавешников

1918 жылдың 10 қазанында Ресей Федерациясы, Орынбор губерниясы, Матвеевский ауданы, Емельяновка селосында көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген.

1941 жылдың маусым айында Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып жүрген кезінде майданға аттанды. Станислав, Харьков қалаларын, Қырым, Кавказ аумағын азат ету шайқастарына қатысты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 17 қарашасында майор Кавешников Димитрий Степановичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз (2175) медальдары берілді.