• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Дмитрий Федорович Пахомов

1920 жылдың 11 наурызында Ресей Федерациясы, Новосібір облысы, Красноозерск ауданы, Конево селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 4 сыныпты бастауыш мектепті бітіргеннен кейін Д.Пахомов отбасымен Қазақ ССР-іне көшіп келіп Жуалы ауданы, Кременевка ауылында (қазіргі Шақпақата ауылы) тракторшы болған. Соғыстан бұрын Д.Пахомовтың отбасы Жуалы ауданына көшіп келген.

1942 жылдың қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. Неман өзенін бекінісін алуға қатысқан.  1945 жылғы 27 ақпанда болған үлкен шайқаста Пахомов қатты жараланып, 11 наурызда госпитальда қаза тапты. Германия, Штадтгард қаласы маңындағы бауырластар зиратына жерленді.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Шақпақата ауылында көшеге Пахомов аты берілген. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылында орта мектепке Д.Пахомовтың аты берілген.