• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Евгений Дмитриевич Уткин

1924 жылдың 22 маусымында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Андреевка селосында шаруа жанұясында дүниеге келген.

Соғысқа дейін Өзбек ССР-нің Ташкент облысы, Галабинск ауданы, «Өзбек ССР-нің 5 жылдығы» мақта өсіру совхозында токарь болып жұмыс істеген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1943 жылы Харьков танктік училищесін тәмамдаған.

1943 жылы Житомир қаласын азат ету,

1944 жылы Проскуровск-Черновицк, Львов-     Сандомирск          операциялары, оның ішінде Львов-Подольск, Золочев, Львов, Санок қалаларын азат етуге қатысқан. 1945 жылы Висла-Одер операциясы, оның ішінде Пилица, Варта, Одер, Бобер, Нейсе өзендерін жаулап алу және Кельце, Сулеюв, Равич, Штейнау, Зорау қалаларын азат ету шайқастарына қатысқан. 1945 жылдың 16 ақпанында ерлікпен қаза тапқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 10 сәуірінде лейтенант Уткин Евгений Дмитриевичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендері берілді.