• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Ерденбек Ниетқалиұлы Ниетқалиев

1914 жылдың 25 мамырында қазіргі  Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Соғысқа дейін орта мектепті бітіріп, 1936 жылы Алматы зооветеринария институтын тәмамдаған.

1939 жылы Қызылорда облысы, Арал аудандық әскери бөлімшесінен соғысқа аттанған. 1942 жылы Батыс майданы, Мәскеу ұрысы, 1943 жылы Орталық, Брянск, 1-ші Белоруссия майданына қатысып, 1945 жылы 2 ақпанда Роценбург қаласы үшін шайқаста қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында гвардия капитаны Ниетқалиев Ерденбек Ниетқалиұлына Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин және екі Қызыл Жұлдыз ордендері, «Ерлігі үшін» медалі қайтыс болған соң берілді.