• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Ефим Федорович Субботин

1918 жылдың 25 желтоқсанында Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Алтай ауданы, Куяган селосында дүниеге келген.

Мектепті тәмамдаған соң, колхозда жұмыс істеген. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Полктік мектепті тәмамдаған. Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1946 жылы туған өлкесіне қайта оралып, жұмыс істеген. Кейін Қазақ ССР-нің Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұрған.

1941 жылы соғысқа шақырылып, 1-ші Беларус майданы, Ленинград, Польшаны азат ету шайқастарына қатысқан. Польшаны азат ету үшін болған шайқаста жау қорғанысын бұзу мақсатындағы полктің барлау операцияларын басқарды.Познань аумағында жау плацдармын басып алып, Кеңес әскерлерінің негізгі күші өткенше ұстап тұрған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында аға лейтенант Субботин Ефим Федоровичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.