• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Иван Васильевич Москаленко

1912 жылы Жамбыл облысы,Қордай ауданы, Георгиевка селосында дүниеге келген. Соғысқа дейін Қырғыз ССР-нің Ыстық көл облысы, Жеті-Өгіз ауданындағы Покровка селосының байланыс мекемесінде есепші болып жұмыс істеген.

1941 жылдың шілде айында әскерге шақырылып, 316-шы атқыштар дивизиясының 1075-шы атқыштар полкының 4-ші ротасына жауынгер қатарына алынады. Саяси жетекші В.Клочковпен бірге 1941 жылы 16 қараша күні Москва облысы, Волоколамск ауданындағы Дубосеково айырығында өшпес ерлік көрсетті. 1941 жылдың 16 қарашасында ерлікпен қаза тапқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1942 жылдың 21 шілдесінде Москаленко Иван Васильевичке Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін берілді.