• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Кенжебек Шәкенов

1924 жылдың 22 ақпанында бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданында жұмысшы жанұясында дүниеге келген.

7 сыныптық мектепті бітірген соң, «Боко» кен орнында қатардағы жұмысшы, кейіннен ауысым шебері болып жұмыс істеді. 1942 жылдан бастап Қызыл Армия қатарында Ташкент қаласындағы пулеметшілер училищесін аяқтаған соң, 1943 жылы майданға жіберілген. Степной майданы, Днепр бекінісі үшін болған ұрысқа қатысқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 22 ақпанында Шәкенов Кенжебекке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені  және Алтын Жұлдыз медальдары берілген.