• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Мәди Қайбиұлы Бегенов

1916 жылы Ресей Федерациясы, Астрахань облысы, Ахтубинск поселкісінде дүниеге келген. Соғысқа кеткенше Түрікменстанның Жебел кен орнында бригадир болған. 1941 жылы Түркімен ССР-і Невмытаев РВК, Невмытаев ауданынан соғысқа шақырылған. 3-ші Украина майдандарына қатысып, 1943 жылы 1 қарашада Днепр шайқасында ерлікпен қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 19 наурызында сержант Бегенов Мәди Қайбиұлына Кеңес Одағының Батыры атағы мен Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендері қайтыс болған соң берілді.