• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Николай Никонорович Белашев

1911 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Белашев ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.  Ұлты-орыс, білімі- орта. Ұлы Отан соғысына дейін Қордай ауданындағы Киров атындағы колхозда ұста болып жұмыс істеген.

1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1941 жылдың 16 қарашасында ерлікпен қаза тапқан. Батыс майданы, 16-армия, 316-атқыштар дивизиясы, 1075-атқыштар полкы, 2-батальон

4-ротасының атқышы, құрлық әскер жауынгері болған. Ресей Федерациясы, Москва облысы Волоколамск ауданы, Дубосеково айрығында 1941 жылдың 16 қарашасында танктер жойғыш топ құрамында политрук В.Г.Клочков пен сержант И.Е.Добробабинмен көптеген жаудың жаяу әскер мен танктер атакасын қайтарған. Мәскеу түбіндегі шайқастағы тарихқа енген

28-панфиловшылар топ құрамында 18 жау танкісін қиратты.

КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1942 жылдың 21 шілдесінде Белашев Николай Никоноровичке Совет Одағының Батыры атағы берілді.