• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Николай Семенович Шевелев

1922 жылдың 7 қарашасында Ресей Федерациясы Алтай өлкесі, Мамонтов ауданы, Қара селосында дүниеге келген. 30 жылдары ата-анасы Қазақстанға, яғни Жамбыл облысы, Луговой станциясына көшіп келген. 1940 жылы жеті жылдық мектепті бітірген Николай Шевелев Түрксіб теміржолының Луговой станциясында жұмыс істеген. 1941 жылдың сәуірінде әскер қатарына шақырылған. II Белорус майданында ерекше ерлік көрсеткен.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 26 қазанында аға сержант Шевелев Николай Семеновичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.