• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Нуролла Гарифуллаевич Фазлаев

1909 жылдың 6 наурызында Ресей Федерациясы, Татарстан автономиялық Республикасы Оржоновский ауданы, Машали ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.

7 сыныптық мектепті тамамдаған соң, 1929 жылы Донбас көмір шахталарында еңбек етуге араласқан. 1940 жылы Қазақстандағы Жамбыл қаласына көшіп келген. Қалалық коммуналдық-шаруашылық кеңсесінде тас қалаушы болып жұмыс жасаған. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған.

1945 жылы Хохваушвиц ауданы маңында жау доттары мен бронды катерлері тыным бермей атқылауына қарамастан түн қараңғылығын пайдаланып, өткел салды. Одан кейін Совет армиясының негізгі күшіне тоқтаусыз өтуге ықпал жасады. Соның нәтижесінде Одер өзенінің батыс жағалауында Совет жауынгерлері жеңіс жолын жалғастырды.

КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 10 сәуірінде Фазлаев Нуролла Гарифулловичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин, І, ІІ-дәрежелі Отан соғысы, екі Қызыл Жұлдыз ордендері берілді.