• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Петр Васильевич Томасевич

1924 жылдың 8 сәуірінде Украина Республикасы, Одесса қаласында жұмысшы жанұясында дүниеге келген. Соғысқа дейін 7 сыныптық мектепті бітіріп, 1942 жылы Жамбыл қаласындағы теміржол училищесін тәмамдаған.

Қызыл Әскерге 1942 жылдың күзінде қалалық әскери комиссарияттан шақырылған. Соғыста 1943 жылдың қаңтарыннан бастап болды. 2-3-ші Украина майдандары, Венгрияны азат ету майданына қатысқан. 1944 жылдың 9-қазанында П.В.Томасевич өзінің взводымен бұйрықты орындау барысында ерекше көзге түсті. Батыл командирге еліктеген взвод жауынгерлері немістердің қорғаныс шебіне шабуыл жасады және қоян-қолтық күрес кезінде жаудың 100 солдат және офицерлерін қолға түсірді.Тисса өзенінің оң жағалауындағы соғыста аға сержант Томасевич ауыр жарақат алды, бірақ соғыс алаңынан кетпеді.

КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында аға сержант Томасевич Петр Васильевичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.