• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Петр Егорович Толстов

1917 жылдың 14 қазанында Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Ивантеевск ауданы, Ишков селосында шаруа отбасында дүниеге келді.

Туылған селосында 7 сыныптық мектепті тәмамдаған соң, 1929 жылы колхозда жұмыс істеген. 1934 жылы ата-анасымен Өзбекстан ССР-і Ташкент қаласына кетіп, Союз-НИХИ Орталық агротехникалық станциясында есепші, кіші агротехник болып жұмыс жасады.

1938 жылы Ташкент қаласынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1939-40 жылдары Финлиядиямен соғыста ерекше көзге түсті. 7 сәуірде 1940 жылы Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, соғыс аяқталған соң әскери училищеге оқуға жіберілді. 1942 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Солтүстік-Батыс, 4-ші Украина, 1-2-Беларусь, Карель майдандары мен Қырым, Беларуссия, Польша елдерін азат ету шайқастарына қатысқан. 1940 жылы 7 сәуірінде Карель майданында П.Е.Толстов 30-35 градустық суықта, қалындығы 3 метр қарлы боранда Манегрем шекарасын бекітуде ерлік көрсеткен.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1940 жылдың 7 сәуірінде Толстов Петр Егорвичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.