• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Степан Захарович Сущев

1914 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Георгиевка селосында шаруа жанұясында дүниеге келген. 1933 жылы Фрунзе кірпіш зауытында, 1936-37 жылдары Тәжікстанда мақта өңдейтін пунктте жұмыс істеген.

1937 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылған. 1939 жылы әскерден босағаннан кейін Қазақ ССР-нің Талдықорған облысында ішкі істер басқармасында қызмет істейді. 1941 жылдың қарашасында өз еркімен соғысқа жіберіледі.

Соғыста Орталық майдан, 60-шы армия, 112-ші атқыштар дивизиясы, 416-шы атқыштар полкынде, 5-ші атқыштар ротасының парторгы, атқыштар взвод командирінің көмекшісі, аға сержант болған. Днепр шайқасына қатысқан.

КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 17 қазанында Сущев Степан Захаровичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз (№11244) медалі берілді.