1925 жылдың 1 қазанында Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бобровка селосында көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген. Мектепте 6 сыныпты оқып бітіргеннен кейін қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылындағы кірпіш зауытында жұмыс істеген. 1943 жылдың наурыз айында соғысқа шақырылған. 1943 тамызында Белград-Харьков, 1943 жылы қыркүйек Сумс-Прилукс операцияларына, 1943 жылы қыркүйек-желтоқсан айларында Днепр шайқасына, 1943-1944 жылдың желтоқсанында Житоморск-Бердичевск, 1944 жылы қаңтар-ақпанда Корсунь-Шевченко, 1944 жылы наурыз-сәуірде Проскуровск-Черновицк, 1944 жылы шілде-тамызда Львов-Сондомирск, 1944 жылы қыркүйек-қазанда Шығыс-Карпат, 1945 жылы қаңтар-ақпанда Батыс-Карпат шайқастарына қатысқан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 29 маусымында кіші сержант Кердань Федор Кирилловичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді