• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Тимофей Алексеевич Яковлев

1905 жылдың 20 мамырында Ресей Федерациясы, Алтай аумағы, Завьяловский ауданы, Чистоозерка селосында шаруа жанұясында дүниеге келген.

4 сыныптық бастауыш мектепті аяқтаған соң, ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеген. 1923 жылы Новосібір қаласында жұмысшы болып, 1927 жылы «Акорт» ұжымының жұмысшысы және меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1933 жылы Красноярск аймағында, Шырын ауданында жұмысшы, кейін «Коммунар» кенінде жұмыс жасады. 1939 жылдан Хакасия Автономиялық облысында Черногорск қаласында шахтада жұмыс жасады. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1-ші Прибалтика, 3-ші Беларусь майдандары, Неман өзенінің бекінісі, Воренеж, Курск үшін болған ұрыстарға қатынасқан. 1944 жылы Неман өзінінінің сол жағалауын жаулап алған плацдармда, 76 мм-лік саймандар нысанашысы бола тұрып тең емес ұрыста қарсыластарының 29 танкісін жағып, жойған. Қалған танкілер қайта шегінгеніне байланысты әскерді сол жағалауынан қарсыластарына дәл оқ жаудырған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында сержант Яковлев Тимофей Алексеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин,

ІІ-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз және «Даңқ» ордендері берілді.