• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ

Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезі. Майдан мен тыл бір тұтас ұштасқан шақ. Совет жауынгерлерінің батырлығы мен тапқырлығы тіпті сонау майданнан қашық келді Алатау өңіріндегі Кенжебекке де естіліп жатты. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылы ол он сегізге жаңа толған еді. Қасиетті жерімізге опасыздықпен баса көктен енген қанқұйлы гитлершілдерге деген ашу ыза Кенжебектің де жас жанын мазалады.

Кенжебек бір бетті, сезімтал, жора-жолдастарына қайырымды болатын. Мектепте оқып жүрген кезде қоғамдық жұмысқа да белсене қатысты. Сол жылы тоғызыншы класты бітірген еді. Өмір мен өлім айқасқан шайқаста Кенжебектің бұлай жүруге ары да бармады. Сол жылдың күзінде ол Москва түбінен бірақ шықты.

Орыс жері, орыс орманы оған таныс емес. Қай жерде болмасын өскен ну тоғай. Ол бұған құмарта қарайды. Ағаштар арасында тұрған жауынгерлердің кешегі бір соғыстан әбден қалжырағаны байқалады. Кенжебек ол үстінде. Ол Отанын, ауылдағы анасын ойлайды.

Майдан маңы оқ даусымен жаңғырығады. Бұған жауынгерлердің еті үйреніп алған. Жанында жарылып жатқан снарядқа бұрылып көз қырын салады да отыра береді. Орманда атқыштар дивизиясы қайта жасақталуға тұрған болатын. Жаңа жауынгерлер келе бастады. Советтік әскер бөлімдері жауға соққы үстіне соққы берді. Жау кейін қарай шегіне берді. Сталинградта жеңіліске ұшыраған неміс фашистері Курс түбінде тағы да шабуылға шықпақ. Бірақ бұл жолы да гитлершілдер сәтсіздікке душар болып, Днеперге келіп бас сауғалады. Гитлершілдер осы бір жерден үміт күтіп еді. Днепрді сенімді де берік қорғаныс шебі деп білді. Сөйтіп, мұнда дот, дзоттар салды. Днепр үшін шайқас басталды. Атқыштар дивизиясының жауға қарсы шабуылы күшейе түсті. Дивизия командирі Мошляков жауынгерлерге міндеттер қойды. Әр солдат Украин өзені Днепр үшін қасық қаны қалғанша күресуге ант берді. Сөйтіп, дивизия зор шайқасқа дайындалды.

Күздің қоңыр салқыны. Қарт Днепрдің толқыны жағаға соғып жатты. Кенжебек басқарған бөлімше өзен арқылы жау шебіне өту керек. Әлгі атқыштар бөлімшесінің жауынгерлері отырған қайық өзен арқылы жүзе жөнелген шақта жау біздің солдаттарға оқты боратты. Кенжебек басқарған атқыштар жүзіп келеді. Бір кезде жаңбырдай жауған оқ қайыққа тиді. Су өте бастады. Енді қайықпен жүзуге мүмкін болмай қалды. Олар жапырлап қайықтан суға түсті. Осы бір оқиғаны еске түсірген Кенжебек былай дейді.

  • Өзен айдынының орта шенінде жүзіп жүрдік. Тастай қараңғы. Ешкімді ешкім көріп болмайды. Қайткенмен де оң жағаға шығу керек. Судың ағысы қатты. Әйтәуір жағаға жеттік-ау. Қай жерге жетсек сол жерді қорғанысқа айналдыруымызға тура келді. Бізден үш солдат мерт болды. Жау шебіне жетіп гранаталар лақтырдық. Бұдан кейін гитлершілдер қару-жарағын тастап, қаша жөнелді. Біз енді олардың шебіне бекіндік. Жау оқты бұрынғыдан да күшейте түсті. Тағы да бетпе-бет айқас басталып, достарының оққа ұшып, жаралы болып жатқанын көргенде Кенжебектің жау, достарының оққа ұшып, жаралы болып жатқанын көргенде Кенжебектің жауға ызасы қайнай түсті. Ілгері жылжу міндеті тұрды. Шәкенов көз ілеспес жылдамдықпен алға жүгірді. Осы бір айқаста Кенжебектің өзі отыздан астам неміс солдаттары мен офицерлерін жермен жексен етті. Сөйтіп, Днепрдің оң жағындағы плацдарм совет жауынгерлерінің қолына түпкілікті көшті.

Днепр үшін ұрыс түн ортасына дейін созылды. Гитлершілердің әлсін-әлсін шабуылынан түк шықпады. Шебінен айырылып қалды. Қанша тырысса да олар оны өздеріне қайтара алмады. Солдан күштерін босқа сарқып, ақыр-аяғында үні өшті. Біздің жауынгерлер таң сәріден шабуылға дайындалып жатты. Неміс фашистері жанталасып бақты. Сонау түпкі бекіністен жау пулеметі оқты жаңбырша жаудырды. Бұдан кейін совет жауынгерлері қорғанысқа көшті.

Ол командирден жауапты тапсырма алды. Ия, командир бұйрығы ол үшін заң еді. Содан Кенжебек досы Ганжа екеуі жау шебіне қарай жүрді. Шәкенов Кенжебек жау танкісімен жекпе-жек  келіп, екі «Тигрді» қиратты. Бұл хабар бүкіл дивизияға тарады. Осы Днепрден өтердегі Кенжебек Шәкеновтың ерлігі жоғары бағаланып, оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.

… «Жамбылхимстрой» тресі партия комитетінің секретары К. Шәкеновтың кабинетінде отырмыз.

  • Коммунистердің жиналысында өндірістік, бұқаралық-саяси жұмыстар жиі қаралады. Бұл жолы жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмыс туралы мәселе қарамақпыз. Жиналысқа белсенді комсомолец-жастарды да қатыстыруды ойластырдық. Мұнда өзім баяндама жасаймын. – деді трест партия комитетінің секретары.

Мұндағы жас құрылысшылар арасында әскери патриоттық жұмыстар жақсы жолға қойылған екен. Әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Партком секретары Ұлы Отан соғысы жылдары ерліктің үлгісін көрсеткен жастар туралы әңгімені жиі өткізеді.

Құрылыс тресі химиялық объектілерді жүргізеді. Іске қосылған химия алыбы – қосарды суперфосфат заводын салып, суперфосфат заводын кеңейту  жұмыстарымен айналысып, оның үдесінен шықты. Осы құрылыстарды тез салып, пайдалануға беруде партия ұйымы іскерлік көрсетті. Трест коммунистері әр кез істің басында жүрді. Құрылысшылардың тамаша еңбегі жоғары бағаланды. Қазақстан Компартиясы орталық Комитеті, Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен республика Министрлер Советі Жамбыл қосарлы суперфосфат заводын салуға қатысқан құрылысшыларды арнайы құттықтады.

Жуырда осы тресте болғанымызда партия комитетінің секретары Шәкенов жолдасқа тағы жолықтық. Әңгіме барысында ол әсіресе жастар тәрбиесі туралы айтты.

  • Ұл-қыздарымыздың Отанға деген патриоттығын айтып жеткізу қиын. Мәселен, трест өмірінен деректер келтірейік. Бізде істейтін құрылысшылардың үштен екі бөлегі жастар. Олар тамаша ісімен көрінуде, қоғамдық жұмысқа да белсене қатысады. Жасыратыны жоқ, бірен-саран жастар қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім тұратыны рас. Мұндай жастармен адамгершілік қасиет тұралы үнемі әңгіме өткіземіз. Мұның ықпалы зор болуда. Осының нәтижесінде олар талай жақсы істердің бастаушылары ретінде көрініп жүр. Заводта еңбек етіп, Совет Армиясы қатарына шақырылған жастар өз борышын абыроймен атқаруда. Ол жөнінде әскери бөлімдер командирлерінен хаттар да келіп тұрады, – деді секретарь.

… Таң шапағы нұр төгеді. Үйден шыққан Кенжекең самал желді бетке алып жүріп келеді. Оны көп істер күтіп тұр. Құрылыс көлемі артып, жаңа объектілер салынуда. Осындай жағдайда құрылыс ұйымдарының жұмысын түбегейлі өзгертпесе болмайды. 1967 жылмен салыстырғанда мердігерлікке алған құрылыс көлемі екі есеге жуық артты. Осы бір жағдай партия комитетінің секретарын көптен бері мазасыздандырып жүрді.

  • Құрылыс базасын нығайту жөнінде кең отырып сөйлесу керек, – деді секретарь трест бастығы Н. Пак жолдасқа.
  • Мен де көптен ойлап жүр едім. Түрлі құрылыстарды жүргізуді мердігерлікке алдық та оны дер кезінде іске қоса алмай келеміз. Осының бәрі біздің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырғанымызды көрсетпей ме?

Кенжекең біраз отырып тағы да ойға шомды. Кеше коммунистермен сөйлесіп, құрылыс қарқының арттыру жөнінде пікірін тыңдаған еді. Осыны трест басқарушысына айтып отыр. Ол секретарьдың ұсынысымен келіскен пішін білдіреді.

Кешкісін партия жиналысы шақырылып, онда құрылыс базасын нығайту жөнінде кең әңгіме болды. Ең алдымен құрылыс материалдары комбинатын салу керек. Осының төңірегіндей болған әңгімеде инженер-техник қызметкерлер де өз ұсыныстарын айтып жатыр. Партия комитеті мен трест әкімшілігі комбинаттың құрылыс жұмыстарын жүргізуге ерекше мән беріп, бұл істі бірден қолға алды. Артынша арнаулы комиссия құрылып, комбинаттың жобасын жасауға кірісті. Сөйтіп, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорыны салына бастады.

Кенжекеңнің партия комитетінің секретары болып істегеніне жеті жыл болды. Осы мерзімде ол саяси ұйымдастырушы ретінде танылды. Әсіресе, жастар арасындағы идеялық тәрбие жұмысына ерекше мән береді. Жуырда тамаша диспут өтті. Онда жастар «Сіздер аға буыннан кімдерді білесіздер және кімдерге еліктейсіздер?» деген сұраққа жауап берді. Олардың бір еліктейтін адамы Социалистік Еңбек Ері Махамбет Бекбергенов болып шықты. Ол кім?

Ия, Мақаң туралы көп нәрсе айтуға болады. Ол коммунист, еңбек адамы. Өз коллективің алғаш рет коммунистік еңбек қозғалысына қатысуға шақырған да Мақан. Оны жастар тәрбиесі қатты толғантады. Жақында Бекбергенов жастармен кездесіп, «Адамның адамгершілікқасиеті неде?» деген тақырыпта әңгіме өткізді.

Жаңа заводтың алаулаған жалыны аспанға көтерілген. Осы жалынмен араласып қыз-келіншектер жүр. Барлығы да қызу еңбек үстінде. Тығыршықтай қара торы қызаспалы кранды шыркөбелек айналдырады. Ол кім? Ол Сәбира Қонысбаева, еңбек сүйгіш жан. Осы туралы трест комсомол комитеті де, партком секретары да жақсы лебіз айтқан-ды.

Партия ұйымдары жастарға зор сенім артады. Көптеген жастар басқару ісінде еңбек етіп жүр. Соның бірі Лидия Копач. Ол туралы да партком секретары жылы лебіз білдірді.

Тағы қандай таңдаулы еңбек адамдарыңызбар, – дедік.

-Николай Афанасиади. Ол коммунистік еңбек бригадасын басқарады. Істің көзін білетін жігіт.

-Бұлар партия мүшелері шығар?

-Ия.

-Семьялары еңбекке қалай араласады.

Бұл сөзді секретарь бірден іліп алып кетті. Ол әрбір коммунистің от басып, бала шағаларын жақсы біледі екен. Партком секретары, Совет Одағының Батыры Кенжебек Шәкенов жолдастың коллективті жасампаз еңбекке жұмылдырудағы осындай игі істеріне сүйсіндік.

Р. САПАБЕКОВ,

запастағы офицер.

Жамбыл облыстық “Еңбек туы” газетінің 05.05.1970 жылғы №59 саны