• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

ЖАМБЫЛДЫҚТАРДА ЖЕҢІСКЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ

Фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздық шабуылын 1941 жылы 22 маусымда бастады. Кеңес үкіметінің мәлімдемесінде дұшпанның шекараға қарақұрымдай қалың әскер шоғырландырып, Қара теңізден Баренц теңізіне дейіңгі 3,000 км астам аймақты ел территориясына басып кіргендігі атап көрсетілді. Гитлершілдер оған дейін Еуропаның 12 ірі мемлекетін басып алып, олардың индустриялық және адам күшін өз арсеналына қосқан болатын. Сөйтіп Кеңес Одағына қарсы 48 мың зеңбірек және минометпен, 2800 танкпен және 5 мыңға жуық самолетпен қаруланған, құрамында 5,5 млн әскерімен офицері бар 181 дивизия мен 18 бригаданы қаптатып жіберді.

Гитлершіл Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасаған кезде бүкіл халқымыз сияқты жамбыл облысының жұртшылығы да өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау үшін дұшпанға қарсы тұрды. Облыс аумағында тұратын 400 мыңнан сәл-ақ асатын адамның 100 мыңға жуығы қолға қару алып, майданға аттанды. Бұл әрбір 4 адамның біреуі жауынгер болды деген сөз.
Жамбылдықтар жаумен сонау Мурманскінің полярлық жағдайында да, қоршауда қалған Ленинградта да, Мәскеу түбі мен Сталинградта да, Курск иіні мен Қырымда да, Кавказ таулары мен Қара теңізде де қанды шайқасқа түсіп, қайсарлықтың, ерліктің үлгілерін көрсетті.

Негізі: Жамбыл облысы мемлекеттік архиві