• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

ЖИЫРМА ЖАСАР КОМБАТ – РӘТАЙ СҰЛТАНБЕКОВ!

Сұлтанбеков Ратай 1921 жылы Талас ауданы, Бөлтірік ауылы (бұрынғы Кеңес кеңшары) Сарыдала жазығында дүниеге келген. 1945, Берлин қаласы, Германия) – әскери басшы, гвардия майоры. Әкеден жастай жетім қалған Ратай интернатта жүріп Түркістан, Қызылорда, Манкент қалаларында білім алады. Оныншы класты алтын медальмен бітіреді. Алматы медициналық институтының үшінші курсын оқып жүргенде соғыс басталып, әскер қатарына алынады. Қысқа мерзімді әскери курста – училищеде оқып шығып, лейтенант әскери шеніне ие болады. Майданда батальон командирі қызметін атқарады. 1944 жылғы 15-қыркүйекте 20-дан жаңа асқан гвардия майоры Сұлтанбеков елге, қазіргі Талас ауданы Бөлтірік ауылына демалысқа келіп қайтады. Майданда көрсеткен ерлігі үшін 20 жастағы гвардия майоры, батальон командирі Сұлтанбеков Ратай бірнеше ордендермен марапатталған.

Ол бастаған батальон майдандағы ауыр шайқастарға қатысты. Гвардия майоры Сұлтанбеков 1945 жылы жеңіске санаулы күндер қалғанда, яғный 16 сәуірде «Одер операциясы» кезінде Бранденбург түбінде ерлікпен қаза тапты. Батырдың есімі бүгінде Қаратау қаласының бір көшесіне берілген.Батырға арнап есімі берілген көшеде естелік тақта орнатылған.

Р.Сұлтанбеков жөнінде Қазақстанның Халық жазушысы Әбу Сарсенбаев көп еңбектер жазып қалдырған.