• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ ЖЕҢІЛГЕ ТҮСКЕН ЖОҚ

Таластық Ұлы Отан соғысының ардагері Дүйсенбай Жұмахметов туралы

Д.Жұмахметов 1926 жылы 1 қаңтарда Талас ауданының «Жаңатұрмыс» колхозында дүниеге келген. Ұлты-Қазақ. 1935 жылы «Сталин» атындағы мектепке барып, 1942 жылға дейін оқып, 7 кластық білім алған. Оқудан кейін колхозда екі жыл жұмыс істеп, 1944 жылы қараша айында әскерге алынған.Әскерге барысымен Семейге барып, 3 ай дайындықтан өтіп, 1945 жылдың ақпан айында майдан шебіне түсіп Берлинге барған. Арада санаулы уақыттар өтпей Ұлы Жеңіске де жеткен. Жеңістен кейін 2 жыл Белоруссияда, Украйна және Кавказда 3 жыл болып, 1950 жылы елге оралған. ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Маршал Жуков», «Жеңістің 70 жылдығы», «Соғыс ардагері», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған. Елге оралғаннан кейін 1950-1952 жылдары МТС-те комбайыншы, 1969-1979 жылдары почтада монтёр. 1979 жылдан бастап құрметті зейнет демалысында.

Д.Жұмахметов: – «Жас кезімізде ауылдан басталған сапарымызды соғыс соқпақтарымен жүріп, Берлинде бір-ақ аяқтаймыз деп ойлаппыз ба! Тағдырдың жазуы солай болды. Өзім Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келгенмін. 1935 жылы Сталин атындағы мектепке барып, онда 1942 жылға дейін оқыдым. Содан кейін колхозда екі жылдай жұмыс істедім. Ал батыста күркіреп соғыс жүріп жатты. 17-18-дердегі бозбаламын. 1944 жылы қараша айында мен де әскер қатарына алындым. Семей қаласында үш ай әскери дайындықтан өттік. Қатарымда ауылдан бірге барған құрдастарым да болды.

Бұл кезде біздің әскерлеріміз жауды түре қуып, апанында тұншықтыруға таяп қалған-ды. Олардың қатарына жаңа, тың күш болып қосылдық. 1945 жылы ақпан айында Берлинді алу шайқасына қатыстық. Көп ұзамай Жеңіске де қол жеткіздік қой. Жорық жолдары жеңілге түскен жоқ.»

Бүгінде Дүйсенбай Жұмахметовтен тараған 5 ұл-қыз, 7-немере, 21- шөбересі бар. Кәзір Ойық ауылында тұрады.