• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Мамырәлиев Рахымжан – Отан үшін от кешкен!

Мамырәлиев Рахымжан – 1925 жылы 25 қаңтарда Байзақ ауданы, Жамбыл атындағы колхозда дүниеге келген. Қазақ. Артилерист, сержант. Майданға 1942 жылы қаңтар айында кеткен. Приморск өлкесінің Ворошилов қаласын азат етуге қатысқан. Жапон соғысына қатысып, Манчжурияда, Корея Республикасының Сеул қаласында болған. Соғыс біткен соң Кореяда болған. Елге 1951 жылы 11 қараша айында оралған. Соғыстан кейін Жамбыл ауданының «Бірлесу-Еңбек» колхозында 2 жыл жұмыс істеген. 1953 жылдан 1962 жылға дейін «Ақкөл» колхозында есеп бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған. 1966-1971 жылы Аса ауылында, 1971-1985 жылы сеператор бөлімінде жұмыс атқарған. 1985 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан. 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Маршал Жуков», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Жеңістің 40.50 жылдығы», «Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Еңбек ардагері», «Астананың 10-жылдығы» медалдарымен, «Соғыс ардагері» белгісімен марапатталған.