• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Ұлы Отан соғыс ардагері Қойбақов Мамыртай

Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған жеке тектік қорынан, Ұлы Отан соғыс ардагері Қойбақов Мамыртай – 1924 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Мамай ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамыз айында армия қатарына алынып, Өзбекстан Республикасының Ферғана қаласында сержанттар даярланатын полкта 7-ай ПТР қаруын атуды үйренген .Немістердің танкілерін және бронды техникаларын істен жою міндеті болған. 1942 жылы Москваның Орехова Зуева қаласында 2 ай соғысқа дайындалып жаттығып, 1943 жылы Беларус майданында болған. 1943 жылы қараша айында Смоленский, Битовский қаласында неміс фашисттерінен азат ету кезінде аяғына снарядтың жарықшасы түсіп ауыр жарақат алып 1944 жылы қаңтар айында жарамсыз болып туған елге мүгедек болып оралды. Мамыртай атамыз елге оралған соң күш жігерін аямай 1946 жылы Тараздағы агро вет школын бітіріп, Мамай ауылында вет фельдшер болып жұмыс атқарған. Осы жылы Мамыртай атамыз отау құрған. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 30,40,50,55,60,65,70 жыл медальдарымен, Белгілерімен марапатталған.