• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

СТАЛИНГРАДТА ШАЙҚАСҚАН АРДАГЕР

Ауданымыздың құрметті азаматы Ұлы Отан соғысының ардагері Құрбанов Игенбек 1923 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ақсай орта мектебінде 7 класс бітірген. 1938-1942 жылдары Сайрам ауданында Қарабастау ауылында колхозшы болып жұмыс жасады. 1942 жылдың басында армия қатарына бөлім командирі болып Сталинград шайқасына соғысқа қатысқан, ауыр жаралы болып, 2 топтағы мүгедектік алып елге оралды. Осыдан кейін 1943 жылы ауылға қайтып, 1947 жылға дейін колхозшы болып жұмыс жасаған. 1947 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауылында Райисполкомға инструктор болып қызмет атқарған. 1980 жылы зейнетке шықты.

Көптеген наградалармен марапатталған бірінші дәрежелі ҰОС орденімен, 15 әр түрлі мерекелік медальдармен және бірнеше грамоталармен марапатталған. Атап айтқанда: 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 55 жыл толуына «Фронтовик 1941-1945» белгісі, «За победу над Германией в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.» медалі, «За боевые заслуги» медальдармен наградталған.

Т.Рысқұлов аудандық маслихат сессиясының  28.12.2005 жылғы №21-15 шешімімен Т.Рысқұлов ауданының «Құрметті азаматы» атағын алды. Отбасы туралы деректері бойынша Құрбанов Игенбектің 3 ұл, 3 қыз, 3 немере, 3 шөбересі бар.