• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Герой ата Сейілжан Нұрғожаев: «Оң қолымда неміс атқан оқ бар»

Сейілжан Нұрғожаев 1905 жылы Төменгі Таластың сағасы Жәдік көлінің бойында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.1929 жылдан бастап 1941 жылға дейін колхозға мүше болып, колхоздың әртүрлі жұмыстарына белсене араласқан. Ұлы Отан соғысына да елмен бірге аттанып, 1943 жылы жараланып елге оралады. 1944 жылдан бастап «Сталин» колхозында, одан кейін  «Ойық» совхозында шопан болды. Еңбекқорлығының арқасында ол кісіге 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бірнеше медальдар мен алғыс хаттармен марапатталған. Қазіргі Ақкөл ауылының саябағында Социалистік Еңбек ерлерінің бел ортасынан Сейілжан Нұрғожаев атаның да үлкен портреті орын алған. Сондай-ақ осы қара шаңырақ орналасқан көше де Сейілжан Нұрғожаев атында. Батырдың үйінің маңдайшасында да «Бұл үйде Социалистік Еңбек ері Сейілжан Нұрғожаев тұрған» деген мәрмәр тастан ойылған суреті бар тақта ілінген.1996 жылы қайтыс болған.