• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

ЕРЛІКТІҢ ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК

Өмірдің қатал заңындай жыл санап Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт майдангерлердің де қатары азайып бара жатқаны біздің де бала көңлімізге қаяу салады.Әлбетте, бұл-өмір заңы. «Алдыңғы толқын-ағалар,кейінгі толқын-інілер,кезегімен өлінер, баяғыдай көрінер» деп ұлы ақын Абай Құнанбайұлының сөзімен айтсақ, ұрпақтар сабақтастығы заңын сақтаған жандар ортамызда көп болушы еді. Осыдан бірер жылдар бұрын ауданымыздағы соғыс ардагерлерінің саны анағұрлым көп болатын.Қазір ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан бар-жоғы екі ғана ардагер ғұмыр кешуде. Атап айтсақ, олар Шәріпбай Ақжолов пен Николай Лебединский. Екі ардагер де аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында тұрады. Тоқсан жастан асқан Шәріпбай Ақжоловтың да балалық шағы еліміздегі қиын-қыстау жылдармен тұспа-тұс келді. Бозбала шағында соғысқа аттанды.