• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Отан оттан да ыстық деп білген Ібіжанов Қабыл ардагерімізбен жүздесу

Үстіміздегі жылдың 27-сәуір күні Ұлы Отан соғысының ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері, зейнеткер Ібіжанов Қабылдың үйіне барып жүздесіп, атамыздың қал-жағдайын сұрасып тілдесіп қайттық. Өзінің қысқаша өмірбаянын айтып, соғыстағы есінде қалған оқиғасымен бөлісті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ібіжанов Қабыл 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасқа келген соң, 1944 жылдың қыркүйек айында майданға шақырылды. Жау тұтқиылдан шабуыл жасағанда өрімдей жас жігітте майданға аттанады. Бұл кезде кеңес әскери жауды ұясы-Берлинге қарай ығыстырып бара жатқан. Тараз қаласында, одан Алматы, Семей, Петропавл, одан әрі Орал қалаларында әскери дайындықтан өтіп, Мәскеуге жетеді.Кейіннен 1946 жылы Архангельск қаласында, Эстонияда және 1949 жылы Ленинградта аэродромның ұшып-қону алаңдарының құрылысына қатысып, 1950 жылдың қазан айында елге оралды. Ұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қарт жауынгердің омырауында бірнеше Отан ордені мен медалдары жарқырайды.

Бейбіт өмірде аудандық тұтынушылар одағында, сауда кооперативінде бухгалтер, тексеруші қызметтерін атқарды. 1967-1991 жылдары аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде аға инспектор болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.

Ібіжанов Қабылдың1926-2018 жылдар аралығындағы жеке тектік құжаттары Сарысу ауданының мелекеттік архивінде мемлекеттік сақтауда тұр. Олар: Сарысу ауданының мемлекеттік архивіне жеке тектік құжаттарын өткізу туралыөтініші,өмірбаяны, жеке куәлігінің (көшірмесі), Алматы оқу комбинатының аудандық тұтынушылар одағының нұсқаушысы (инструктор райпотребсоюза) курсын тәмамдағаны жөніндегі куәлігі, Қазақ СССР әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын тәмамдағаны жөніндегі куәлігі, еңбек кітапшасы, әскери билеті, Медальдық куәліктері («Отан соғысы», орденінің фотосуреті, «Жамбыл облысының құрметті ардагері» атағын беру туралы өкімі және куәлігі , Сарысу ауданының Құрметті азаматы атағын алғандығы туралы медалінің, 1941-1945 ж.а. ҰОС жеңгеніне 30, 40, 50, 55, 60, 65,70 жылдық медальдарының, СССР қарулы күштеріне 70 жылдық мерейтой медалінің, Кеңес одағының маршалы Г.Жуков медалінің, «Еңбек ері» атағын алғандығы туралы медалінің, «10 жыл Астана» мерейтой медалінің, «Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымына-30 жыл» мерекелік медалінің фотосуреттері және олардың куәліктерінің түпнұсқалары.Сарысу ауданының әкімі Б.Орынбековтың Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған ашық хаты, ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың және Сарысу ауданының әкімі Б.Нарбаевтың Ұлы жеңістің 72 жылдығына мен ҚР қарулы күштеріне 25 жылдығына арналған ашық хаты, «Нұр Отан» партиясының бірінші хатшысы М.Құл-Мұхаммедтің және Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған ашық хаты.

Сарысу аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеевтің және Сарысу ауданының әкімі Б.Нарбаевтың Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған құттықтау қағаздарының, Байқадам ауылдық округі әкімі Е.Көлбаевтың 1 қазан халықаралық қарттар күніне арналған алғыс хатының (түпнұсқалары). «Сарысу», «Қоғам» газеттеріндегі Қ.Ібіжанов туралы мақалалар. Қ.Ібіжанов ағайындарымен бірге, Сарысу ауданының мемлекеттік архивінің директоры Л.Кожахановамен бірге, Саудакенттік соғыс ардагерлерімен бірге және жеке фотосуреттері бар.
Қазіргі таңда атамыздың 8 баласы, 34 немересі, 54 шөбересі, 4 шөпшегі бар ақ сақалды 95 жасты еңсерген ғасыр қария.