• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Үш «Даңқ» ордені бар майдангер

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» ауылының тұрғыны болған, үш «Даңқ» ордендерінің толық игері, Жапарбеков Алаханның өмірбаяны

Жапарбеков Алахан 1914 жылы наурыздың 15-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» ауылында дүниеге келген.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Молотов мектебінде 5-сыныпқа дейін оқыған. Білімі-жалпы орта. «Бірлесу-Еңбек» ауылында түрлі жұмыстар атқарды. Жуалы аудандық әскери комиссариаттан 1941 ж. қараша айында соғысқа аттанды. Майдан жолын Москва түбінде бастап, Москва, Сталинград, Курск шайқастарына қатысып, кіші лейтенат атағын алып, 1945 жылдың мамыр айында Берлинде аяқтады. Курск шайқасынан кейін №23087 ІІ-дәрежелі 1-ші «Даңқ» орденін, Курск доғасындағы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін №241761 ІІ- дәрежелі 2-ші «Даңқ» орденін, Варшавадағы шайқасы үшін №22531 ІІІ-дәрежелі 3-ші «Даңқ» ордендерін иеленген.

1945 жылы 7- қыркүйек күні Берлин қаласында неміс-фашистерін жеңу құрметіне өткен одақтас әскерлердің парадына қатысып, 15-қараша күні Берлиннен Москваға, одан соң Жамбылға келген.

Соғыстан кейін Айшабибі, Майтөбе, Қаратөбе ауылдық кеңестерінің төрағасы қызметтерін істеді.

СССР Жоғары совет Президиумының 1945 жылы 9-маусымдығы бұйрығымен 17 қаңтар 1945 жылы Варшава қаласын азат еткені үшін

1- қараша 1946 жылы СССР Жоғары Совет Президиумының атынан

№005137 нөмірлі медалімен марапатталған.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20,30,40,50 жылдығына байланысты және соғыс майдандарына қатысқаны, әрі соғыстан кейінгі уақытта атқарған белсенді еңбегі үшін медальдармен марапатталған. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумының 1975 жылғы 30- сәуірдегі Жарлығы бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Советінің “Құрмет грамотасымен” марапатталған.

«За отвагу СССР» №2571119, « Гвардия СССР», «Отечественная война» орденімен марапатталған.

Медаль «Вооруженных сил СССР» 50 лет 1918-1968 год

Медаль «Вооруженных сил СССР» 60 лет 1918-1978 год

Медаль «Вооруженных сил СССР» 70 лет 1918-1988 год

1995 жылдың 6-шы мамырында «Аса» селосының Әкімі Ж.Табжановтың

№1-12 шешімімен Бірлесу –Еңбек ауылының Сатпаев көшесіне Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, үш бірдей «Даңқ орденінің кавалері Алақан Жапарбековтың есімі берілді. Алақан Жапарбеков 2000 жылы 30- мамырда өмірден өтті.