• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Ұлы Жеңістің майдангері Смағұлов Рахманқұл

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Өйткені бүгінгі бейбіт өмір үшін сұрапыл соғыста жауынгерлер жан алысып, жан берісті. Қан кешіп жүріп, ұрпақ үшін кескілескен ұрыста жауға тойтарыс берді. Сондай жанкештіліктің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Міне, сол себепті де ерлік көрсеткен жауынгерлердің есімі ешқашан ұмыт болмай, ұлықталып тұруы – кейінгі ұрпаққа міндет. Біздің ауданымызда да көптеген қаһарман ерлер майдан далаларында нағыз ерлік көрсетіп, жеңіс күнінің жақындай түсуіне өздерінің үлестерін қосты. Солардың бірі  Смағұлов Рахманқұл 1923 жылы 1 қаңтарда Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген. 1942 жылы  әскер қатарына шақырылып, Саратов облысы Сталинград қаласында  майданда болған.1944 жылдың шілде айында  жаралануына байланысты елге оралған.Соғыстан кейін Шу ауданы Белбасар ауылында есепші болып жұмыс атқарған. Смағұлов Рахманқұл 1965 -1997жылдары аралығында  «Кіші қамқалы » ауылында дүкенші болып істеген. 1997 жылы  « Сауда үздігі» белгісімен марапатталған. 2010 жылы « Ұлы Отан» соғысының 65 жылдығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен мараппаталған. 2012-2013жылдары Мойынқұм ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2014жылы 16 ақпанда 91 жасында дүниеден озды.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық ерлігі үшін майдангер  Ленин орденімен, Георгий Жуков медалімен, Жеңістің 50 жылдығы медалімен, Еңбек ардагері медалімен Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған алғыс хаты, Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына  арналған алғыс хатымен марапатталған.

Біз қаһарман ерлердің Отан қорғау шебіндегі теңдесіз қайсарлығының бір ғана дерегіне тоқталдық. Кеудесінен жаны шыққанша жаумен арпалысып, мүрдесі майдан даласында қалған майдангерлер жайлы мәлімет қай кезде болмасын тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.