• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Хабарламалар төменде берілген Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві

Ер есімі – ел есінде

Тарихты ешкім түзете алмайды.Осынау сұрапыл жылдары соғыстың қайғы- қасіреті өзекті тіліп түсер елдің мұңы-зары, бүкіл осындай қиындықтың азабын көрген соғыс ардагерлеріне қандай құрмет көрсетсекте – лайықты жандар екенін ұмытпауымыз керек. Бейбіт күнімізге кепіл  болған ардагерлерімізге мың алғыс! Ұлы Отан соғысының ардагері Жамбыл ауданы Пионер ауылының тумасы Нұралиев Тоқберген Нұралы ардагеріміз  1922 жылы 1 қаңтарда өмірге… (read more)

Үш «Даңқ» ордені бар майдангер

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» ауылының тұрғыны болған, үш «Даңқ» ордендерінің толық игері, Жапарбеков Алаханның өмірбаяны Жапарбеков Алахан 1914 жылы наурыздың 15-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Молотов мектебінде 5-сыныпқа дейін оқыған. Білімі-жалпы орта. «Бірлесу-Еңбек» ауылында түрлі жұмыстар атқарды. Жуалы аудандық әскери комиссариаттан 1941 ж. қараша айында… (read more)

Сталинградтан Венаға дейін

Ұлы Отан соғысының ардагері Кәтімханов Мейірхан қариямыз 1922 жылы өмірге келген. Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының тумасы, бұл мақала 2011 жылы Мейірхан қариямыздың өз сөзінен алынып жазылған естелік жазба: Осы соғыс деген пәлекетті есіме түсірсем, бір мазасыз күйге түсіп мазасызданып кетемін деп, одан бері қаншама уақыттар өтті. Жас келген сайын көп нәрсені ұмыта береді екенсің, ол… (read more)

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ БАҚБЕРГЕНОВ МОЛДАБАЙДЫҢ ЕСТЕЛІГІ

Мен Бақбергенов Молдабай 1923 жылы Қызыл-Орда облысы Арал ауданы Аралсульфат поселкесының территориясында жұмысшы-шаруа отбасында туылыппын. 1933 жылдан 1940 жылдың октябрь айына дейін Аралсульфат 7-жылдық мектебінде оқып, Арал қалалық ФЗУ-ға оқуға түстім. 1941 жылдың апрелінде практикада болып оны тауыса алмай 1941 жылдың июлінде армия қатарына шақырылып, соғысқа аттанушылар қатарында болдым. Сонымен ойлаған мақсатым орындалмай соғысқа қатысумен… (read more)

Майдангерлер есімін тарихта қалдыру- абыройлы міндет

Ұлы Отан соғысында  Жамбылдықтар өз жері, елін, Отанын қорғау жолында аянбай ерліктер көрсетті.  Жамбыл ауданының жерінен 9341  майданға аттанған жауынгерлеріміз, сұрапыл соғыс жылдары толарсақтан қан кешіп, ұрыс даласына аттанып, ел басына күн туған шақта майдангерлер өздерін бұл біздің жауынгерлік міндетіміз – деп қабылдаған. Ұлы Отан соғысына Жамбыл ауданының жерінен аттанған – бүгінде көзі тірі, асылдың… (read more)

Майдангердің 97-ші көктемі

Жамбыл ауданының мемлекеттік архив мекемесінің директоры К. Ж. Күлекееваның Ақ жол газетінің № 48(18845), 27 сәуірдегі санына Ұлы Отан соғысының ардагері бүгінде көзі тірі соғыстың соңғы сарбазы Қасен Шанбаев қариямыз өмір декректері туралы Майдангердің 97-ші көктемі мақаласы шықты.

Жеңіс туын желбіреткен!

Ұлы Отан соғысының ардагері Әсет Кемпіреков Жамбыл ауданы Қара кемер ауылында 1923 жылы дүниеге келген. 1935 жылы Молотов мектебіне барып 1942 жылы 12 қаңтарда Көкшетау қаласындағы полковой мектебіне барып оқуға түсіп, Петропавл қаласында командир бөлімшесінде жұмыс атқарған. 1943 жылы Фрунзе қаласында әскери училищесіне түсіп, 1944 жылы қазан айында 1-ші Белорус, 3-ші екпінді армия №756 атқыштар… (read more)