Туған жерге оралған жауынгер
Ұлы Жеңістің 75 жыл мерекесіне орай Мойынқұм ауданының мемлекеттік архивінің №160 жеке тектік құжаттар топтамасында сақтауда тұрған Ұлы Отан Соғысы ардагері Нұрхожаев Мұхан атамыздың өмір деректері, еңбек жолдары, марапаттары және фото суреттерін ұсынамыз. Мақсатымыз ардагерлерді архивтік құжаттардың негізінде жарыққа шығарып, жұртшылыққа таныстыру, ардагерлер ерлігін ұрпақтар жолында жаңғырту. Ардақты да құрметті ардагерлер рухына мың тағзым!