Мемлекеттік сақтауда тұрған ҰОС ардагерлерінің жеке тектік коллекциясынан шолу
Сіздердің назарларыңызға Сарысу ауданының мемлекеттік архивінің тұрақты сақтауындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан 37 ардагердің жеке тектік құжаттар топтамасына шолу ұсынамыз. Бұл бейнеролик архивте сақтауда тұрған, яғни Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының сараптау-тексеру комиссиясының қарауына ұсынылып, бекітілген, мемлекеттік сақтауға қабылданған құжаттар негізінде жасалынды.