• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Хабарламалар төменде берілген Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві

ҰРПАҚҚА ЕСТЕЛІК ҚАЛДЫРАЙЫҚ

Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай архив қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұрпаққа естелік қалдырайық» атты айдар (рубрика) ашылып, Аудандағы қазіргі таңдағы көзі тірі ҰОС ардагерлерінің естелік әңгімелері мен тарихи құжаттары т.б. жинақталып видеоролик түсірілді. Бүгінгі видеороликте ҰОС ардагері, А.Сулейменовтің естелік әңгімелерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

СТАЛИНГРАДТА ШАЙҚАСҚАН АРДАГЕР

Ауданымыздың құрметті азаматы Ұлы Отан соғысының ардагері Құрбанов Игенбек – 1923 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ақсай орта мектебінде 7 класс бітірген. 1938-1942 жылдары Сайрам ауданында Қарабастау ауылында колхозшы болып жұмыс жасады. 1942 жылдың басында армия қатарына бөлім командирі болып Сталинград шайқасына соғысқа қатысқан, ауыр жаралы… (read more)

Ұлы Отан соғыс ардагері Қойбақов Мамыртай

Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған жеке тектік қорынан, Ұлы Отан соғыс ардагері Қойбақов Мамыртай – 1924 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Мамай ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамыз айында армия қатарына алынып, Өзбекстан Республикасының Ферғана қаласында сержанттар даярланатын полкта 7-ай ПТР қаруын атуды үйренген .Немістердің танкілерін және бронды техникаларын істен жою міндеті… (read more)